{metadescription}
Заңсыз көші-қон ұйымдастыруға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ ұсталды
Заңсыз көші-қон ұйымдастыруға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ ұсталды

Заңсыз көші-қон ұйымдастыруға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында шетел азаматтарын құпия жолмен шекара асырып келген жергілікті тұрғын ұсталды. Ол таулы аймақ арқылы Еуроодақ елдеріне нәпақа табуға барғысы келгендерге жолбасшы болып, көші-қон жолын ұйымдастырған.

Соңғы аптада елімізде заңсыз көші-қон ұйымдастыруға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ ұсталды. Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімі жақында ғана Атырау облысында ел аумағына шетелдіктерді тіркеумен айналысқан үш шетел азаматын қолға түсірді. Олар Қазақстанда жалған құжатпен жүрген. Осыған ұқсас қылмыстар Астанада да анықталды. Онда еңбек мигранттарына жалған құжат жасап келген бес жергілікті тұрғын ұсталған.

 Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Кінәлілер мүлкі тәркіленіп, жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде