{metadescription}
Квадробика: Өзбекстанда квадроберлердің ата-анасы жазаға тартылмақ
Квадробика: Өзбекстанда квадроберлердің ата-анасы жазаға тартылмақ

Квадробика: Өзбекстанда квадроберлердің ата-анасы жазаға тартылмақ

Квадробикаға қарсы күресті қолға алды. Өзбекстанда жануардың маскасын киіп төрттағандап жүретін жастардың ата-аналары енді жазаға тартылмақ.

Өйткені бұған дейін Ташкентте итке еліктеген жасөспірім тіпті жолаушыларға үріп, қауып алмақшы боп қорқытқан. Мұны көрген кішкентай балалар квадробердің мұндай қылығынан шошып қалыпты. Осындай жағдайлардан кейін Өзбекстан ІІМ жаңа субмәдениетке еліктеген жеткіншектердің ата-анасына 2 миллион сумға жуық айыппұл салынатынын ескертті.

Полицейлер балалардың психикасын да тексермекші. Өзбекстанмен қоса, қазір Ресей Думасында квабробингке қарсы заң дайындалып жатыр. Адамнан айуан кейпіне еніп, «ТикТокта» мұны трендке айналдырып жатқандар көбейген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде