{metadescription}
Бай –кедей». АҚШ ғалымдары экономикадан Нобель лауреаты атанды
Бай –кедей». АҚШ ғалымдары экономикадан Нобель лауреаты атанды

Бай –кедей». АҚШ ғалымдары экономикадан Нобель лауреаты атанды

Неліктен кейбір елдер бай, ал басқалары қарызға белшесінен батып, халқы кедейліктен көз аша алмай жүр? Осы сұраққа жауап тапқан АҚШ ғалымдары экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Олар дамыған, дамушы, дамымай қалған елдердің әл-ауқатын бірнеше жыл қатарынан зерттеген. Түсінікті тілмен жеткізсек, мемлекетте құқық тәртібі болмай, қоғамдық институттар дамымай, халықты қандай да бір тұрғыда қанаумен айналысса, ол елдің экономикасы ешқашан алға баспайды деген тоқтамға келген.

Колония болған мемлекеттердің де экономикасының құлдырауының да себебін анықтаған. Осы зерттеулері үшін экономика саласындағы Нобель сыйлығына АҚШ-тың үш ғалымы лайық деп танылды  Түркия тумасы Дэрон Асемоғлы, британдық Саймон Джонсон, АҚШ азаматы Джеймс Робинсон. Оларға сыйақы ретінде миллион доллар төленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.