{metadescription}
КТК ұсынады: «Жарық сәуле» — агрессордың құрбаны болған әйелдер тағдыры
КТК ұсынады: «Жарық сәуле» — агрессордың құрбаны болған әйелдер тағдыры

КТК ұсынады: «Жарық сәуле» — агрессордың құрбаны болған әйелдер тағдыры

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тоқтау бола ма? КТК арнасы «Жарық сәуле» деп аталатын жаңа деректі фильм топтамасын ұсынады. Жаңа жоба отбасындағы агрессорлардың құрбаны болған әйелдердің тағдыры туралы.

Деректі фильмде «өзім» дегені өзектен теуіп, өмірден жәбір көрген ана мен балалардың бастан кешірген оқиғалары көрсетіледі. Әр отбасында түрлі жағдай болғанымен, дені күйеуінің соққысынан көз ашпағандар. Тағдыр тауқыметін тартып, өмірден баз кешкен қыз-келіншектерге дағдарыс орталықтары демеу болған. Олармен психологтар жұмыс істеп, қатыгез ер-азаматтар жауапкершілікке тартылған.

Елімізде соңғы жарты жылда 102 нөміріне отбасылық жанжал бойынша 40 мыңнан астам тұрғын қоңырау шалыпты. Қоғамдық орында да, үйде де ұрып, балағаттаған 61 мың азамат әкімшілік жауапқа тартылған. Ал қамауға алу оқиғасы үш есе көбейген. Осы негізде түсірілген туынды ертеңнен бастап эфирге жол тартпақ.

Жазира Бегалы, жоба авторы:

Неліктен «Жарық сәуле»? Бірнеше жыл зорлық-зомбылыққа шыдап келген адамдарға күн шуағы, күн сәулесіндей жол көрсету. Ол жерден олар пана табады, психологиялық, құқықтық көмек көрсетіліп, әлеуметтік сала мамандары жұмыс тауып береді. Ол жерде әйелдердің ағдыры бір-біріне ұқсамайды. Жылдар бойы отбасында жапа шегіп, таяқ жеп, қайда барарын білмеген қыз-келіншектер...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде