Талғар қаласының әкімі, орынбасары және аппарат басшысы қызметінен босатылды
Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков қызметінен босатылды. Оның орынбасары Матан Сағындық пен аппарат басшысы Аслан Қасымбаев та жұмысынан айырылған.
Автор: Шапағат Мырзабекова
15.10.2024
Талғар әкімдігінің сайтында шыққан бұйрықта шенеуніктер өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен қуылды делінген Сондай-ақ құжатта әкімдіктің басқа да қызметкерлеріне қатысты тексеріс жүргізіліп жатқаны айтылған.
Ал Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев облыс әкімінен сөгіс алған. Олар сеніп тапсырылған аумақтағы бақылауды әлсіреткені үшін жазаланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!