Ақтөбе облысында тоңазытқыштан адамның басы табылды
Ақтөбе облысында тоңазытқыштан адамның басы табылды. Қанды қылмыс жасады деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынған.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.10.2024
Сұмдық жағдай Хромтау қаласында болған. Осыдан бір ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен жергілікті тұрғынға іздеу жарияланған еді. Қыркүйекте жоғалған адамның бөлшектелген денесі салынған пакеттерді тәртіп сақшылары қала сыртындағы кен қалдықтарының арасынан тауып алған. Ал адамның басын күдіктілердің бірі үйіндегі тоңазытқышқа қатырып қойыпты. Марқұмды бірге арақ ішіп төбелескен таныстары өлтірген көрінеді.
Бауыржан Асауп, Ақтөбе облысы, ПД тергеу басқармасының бастығы:
— Хромтау қаласында мәйіт табылу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуде екі адам анықталып ұсталды. Сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!