Ұлттық қор активінде алым мен түсім тепе-теңдігі қалыптасып келеді
Ұлттық қор активі 2030 жылға қарай 100 млрд доллар болуы керек. Әзірге қорға түсіп жатқан қаражатқа қарағанда, алынып жатқан сома көптеу. Дегенмен жылдан-жылға алым мен түсім тепе-теңдігі қалыптасып келеді дейді ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.
Автор: Айжан Шамшидин
15.10.2024
Нұрлан Байбазаров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
— Ұлттық қорға түсетін жыл сайынғы түсім тұрақты болып, өсіп отырса, қаражат уақтылы жиналады. Келесі жылы 97 миллион , 2026 жылға қарай 100 миллионнан астам түсім болады деген жоспарымыз бар. Осы үрдіс 2030 жылға дейін сақталса, алдағы уақытта межеленген 100 млрд долларды еңсереміз.
Жоғарыда аталған себептер Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені әзірге төмендетпейтінін көрсетіп отыр. Себебі қор қаражатына қол сұғу әлі тоқтамаған. Жалпы жауапты ведомство басшылары аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуде қосымша трансфертті қордан алғанымызда тұрған еш әбестік жоқ деген пікірде. Себебі кез келген мемлекет шығыны экономикалық алыс-беріс қарым-қатынастың өсуіне жол ашады. Ал бұл, өз кезегінде жаңа инфрақұрылымдардың бой көтеруіне, сәйкесінше, экономиканың бойына қан жүгіртеді. Қайтарымы — жаңа инвестициялық түсімдер дейді сарапшылар.
Дастан Әкебаев, Аналитика қолдау орталығының директоры:
— Ұлттық қордан ақша тек маңызды әлеуметтік жобаларға ғана алынады. Жалпы о баста бұл қордың мақсаты — жастарымыздың жарқын болашағына кепіл болуы үшін құрылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!