Қарағандыда ХҚКО бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды
Қарағандыда халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды. Олар елімізге кірген жүк көліктерін заңсыз тіркеп, бюджетке төленуі тиіс қаражатты қалтасына басты деген күдікке ілінді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
15.10.2024
Олар ауыр техниканы алғашқы тіркеу мен мен утильалымсыз есепке алған. Осы қызметі үшін қанша қаражатты қалтаға басқаны белгісіз. Бірақ бюджетке келген шығын 315 миллион теңге.
Қазір 33 жүк көлігін заңсыз кіргізгендеріне дәлел бар. Халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы мен оның орынбасары — басты күдікті. Олар сотқа дейін уақытша ұстау абақтысынан шығарылмайды. Басқа да сыбайластары анықталып жатыр. Мұндай жағдай басқа областарда да анықталған.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
— Ақмола, Қостанай, Алматы, Павлодар облыстарында утильалым төлемей, жалған құжатпен көлік құралдарын жаппай, бастапқы тіркеу фактілері анықталды. Сонымен қатар агенттік еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында алымды дұрыс төлеу мақсатында тартқыштарды, автобустарды және тағы басқа да көліктерді есепке қою заңыдлығына ауқымды тексеру жүргізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!