{metadescription}
Астанада жатақхана өртеніп, бес адам ауруханаға жеткізілді
Астанада жатақхана өртеніп, бес адам ауруханаға жеткізілді

Астанада жатақхана өртеніп, бес адам ауруханаға жеткізілді

Астанада жатақхана өртенді. Үшінші және төртінші қабаттағы бөлмелер және шатыры түк қалмай жанып кеткен. Ыс тиген бес адам ауруханаға жеткізілді.

Лариса Маллер, оқиға куәгері:

Таңғы төртте мені коммендант «жанып жатырмыз» деп айғайлап оятты. Тұрып, төртінші қабатқа шығып едім, ақырын түтіндеп жатты да, бір кезде лап ете түсті. Қызым екеуміз жүгіріп, бөлмелердің есігін қағып жұртты ояттық. Шығып үлгере алмағандар терезеден секіре бастады.

Шеткі бөлмелердің бірінде от тұтанғанда жұрт шырт ұйқыда жатқан. Коменданттың дабылымен оянған жатақхана тұрғындары бірден сыртқа ұмтылған. Куәгерлердің айтуынша,өрт әп-сәтте өршеленіп жанған. Кейбірі терезеден жатақхана жанындағы моншаның шатырына секіруге мәжбүр болған. 32 адам сыртқа шығарылды. Өрт сөндірушілерге сол маңда қаптап тұрған көліктер кедергі келтіріпті. Ғимараттың үшінші-төртінші қабатындағы бөлмелер мен шатыры жанып кеткен. 850 шаршы метр аумақ жанып кеткен.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Ал дәрігерлер ыс тиіп ауруханаға жеткізілген бес адамның жағдайы қалыпты деп отыр.

Айжан Ақай, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Көміртегі тотығымен уланған. Бес адамның төртеуі ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты. Бақылауда. Ал біреуі амбулаториялық емге жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде