Ақтөбеде ереже бұзған жүргізушілердің көлігін қоятын орын жетпей жатыр
Ақтөбеде ереже бұзған жүргізушілердің көлігін қоятын орын жетпей жатыр. Себебі қаладағы айыппұл тұрағы түгел толған. Бір жарым ай бұрын көшеге жаппай бейне бақылау камерасы орнатылған соң, осында әкелетін көлік саны да артқан.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.10.2024
Тәртіп сақшылары айыппұл тотұрағына күніне, кем дегенде 30 шақты көлік жеткіземіз дейді. Себебі бейне бақылау камерасының арқасында жолда тәртіп бұзатындарды анықтау жеңілдетілген. Есесіне, енді тұрақта орын жоқ. Жақында «Лексус» көлігін әкелген. Оның жүргізушісі жол ережесін бір айда жүзден аса бұзып, үш жарым миллион теңге айыппұл арқалаған. Шетелдік нөмірмен жүрген соң, ереже бұзғанымды ешкім білмейді деп ойлапты. Соңғы уақытта айыппұл тұрағына әкелінген мопедтер де көбейген. Көбі апатқа ұшыраған жастардікі.
Мейірхан Есенжолов, Ақтөбе қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары:
— Айыппұл тұрағы міндетті түрде қажет. Күнделікті мас күйде ұсталып жатқандар бар. Жүргізуші куәлігі жоқ адамдар да ұсталып жатыр. қандар бар. Күнделікті 20-30 көлік әкелеміз, айыппұл тұрағы қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!