{metadescription}
Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін
Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін

Қыстың ызғары оңтүстікте де сезіледі. Арктикалық антициклон еліміздің солтүстігінен оңтүстікке қарай жылжып барады. Алдағы үш күнде Алматы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында нөсер жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін.

Бірақ күнгейде күндіз жылы болмақ. «Қазгидромет» синоптиктері Батыс Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, бірақ кей жерде тұман күтіледі деп болжайды

Еліміздің солтүстігінде жаңбыр толастағанымен, жел тұрып, салқын түседі. Ал еліміздің орталығы мен шығысында қар аралас жауын жауып, тұман басып, көктайғақ болауы мүмкін.

Астана – бұлтты, жауын-шашынсыз, +4-6 градус

Ақмола облысы – қар аралас жаңбыр, +1-6 градус

Алматы – жаңбыр, +7-9 градус

Алматы облысы – жаңбыр, +7-12 градус

Шымкент – бұлтты, жаңбыр, +7-9 градус

Түркістан облысы – қар аралас жаңбыр, +10-15 градус

Қызылорда облысы – қар аралас жаңбыр, +2-7 градус

Жамбыл облысы – жаңбыр, +10-15 градус

СҚО – тұман, +3-5 градус

Павлодар облысы – тұман, 0,+5 градус

БҚО – тұман, +7-12 градус

Атырау облысы – жауын-шашынсыз, +12-13 градус

Маңғыстау облысы – жауын-шашынсыз, +10-15 градус

Ақтөбе облысы – жауын-шашынсыз, +5-10 градус

Қарағанды облысы – қар, +2-4 градус

ШҚО – қар, +3-8 градус

Абай облысы – қар, +2-7 градус

Афродита Пірімжар, «Қазгидромет» РМК инженері:

17 қазанда Солтүстік Қазақстанда 5-10 градус жылу күтіледі. Осы күндері Оңтүстік өңір тұрғындары тек бақылап келген болса, енді қыстың жақындағанын сезінеді. Антициклон шығысқа қарай жылжып, түнде және күндізгі ауа температурасының төмендеуіне, сонымен қатар жаңбыр қарға ұласып, тек тауда емес, оңтүстік-шығыс аймақтардың қалған бөлігіне де алып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде