{metadescription}
«Бейіт биіктігі 70 см». Қырғызстанда жерлеу рәсімі ресми бекітілді
«Бейіт биіктігі 70 см». Қырғызстанда жерлеу рәсімі ресми бекітілді

«Бейіт биіктігі 70 см». Қырғызстанда жерлеу рәсімі ресми бекітілді

Бейіттің биіктігі 70 сантиметрден аспауы керек. Қырғызстанда жерлеу рәсімі ресми бекітілді. Ел президенті Садыр Жапаров "Жерлеу және жерлеу рәсімдері туралы" заңды іске асыру жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Жаңа заңға сәйкес, зират басына бағалы тастан ескерткіш орнатуға, темір қоршау жасауға және қабір басына фотосурет қоюға тыйым салынбақ. Қаулыға сәйкес, қабір тасы мен қоршау ағаштан жасалып, биіктігі 0,7 метр, яғни 70 см-ден аспауы керек.

Сондай-ақ марқұмның ас-садақасын өткізгенде ысырапқа жол берілмеу керек. Жарлықтың орындалуын қадағалау Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасына жүктелді. 

Мұсылмандардың мүрдесі қарапайым болу керек. Мүрдеге зиярат етуге барғандар ақыретті есіне түсіретіндей ахуалда жасалу керек. Биік-биік ғимарат салуға, қымбат, бағалы нәрсе орнатуға тыйым салынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.