{metadescription}
Ұлытау облысында екі пойыз бетпе-бет соқтығысты
Ұлытау облысында екі пойыз бетпе-бет соқтығысты

Ұлытау облысында екі пойыз бетпе-бет соқтығысты

Ұлытау облысының Жаман Айбат кеніші маңында екі пойыз бетпе-бет соқтығысты. Зардап шеккен төрт адамның екеуі — машинист және екі көмекшісі.

Теміржол апаты Жезқазғаннан 65 шақырым жердегі Сарысу разьезінде болған. Бетпе-бет соқтығысқан жүк  пойыздарының біріне 29, ал екіншісіне 15 вагон тіркеліпті. Апатта бір локомотив пен бес вагон жолдан тайып аударылған. Төрт адам жарақат алды. «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері апат елдегі темір жолдардағы қозғалысқа кедергі келтірмегенін мәлімдеді. Шойын жолдың қираған жерлері жөнделіп жатыр.

«Қазақмыс» ЖШС баспасөз қызметі:

  Екі машинист пен екі көмекшісі Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қараған соң, үйіне жіберілді. Жарақаттары ауыр емес. Басқа пойыздардың қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде