{metadescription}
Онлайн несие беруге толық тыйым салына ма?
Онлайн несие беруге толық тыйым салына ма?

Онлайн несие беруге толық тыйым салына ма?

Онлайн несие беруге толық тыйым салына ма? Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында қатарынан екі сағат депутаттар несие қамытын кигендердің мәселесін ортаға салды. Алаяқтардың құрбаны болып, бір-ақ сәтте өмірі өзгерген азаматтарға мемлекет қандай көмек көрсете алады деген көптің көкейіндегі сауал талқыланды. Қаржы нарығын реттеу агенттігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесе алаяқтармен күрестің жаңа тәсілін ұсынды. Енді әр адамға бір сим-картадан ғана тіркеу міндеттеледі.

Қарызы бір басынан асып, төлем күнін кешіккендерге енді коллекторлар демалыс күні тыным бермей, артынан түскен жендеттей мазасын алуға заңмен тыйым салынды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мұндай жағдай басыңыздан өтсе, «коллекторларды басындырмаңыздар» деп отыр. Бірден хабарласқан агенттіктің нөмірін жазып алып, сөйлесу барысын дәлел ретінде видеоға түсіріп алу керек екен.

Мәдина Әбілқасымова, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы:

Коллекторлық агенттіктер демалыс күндері телефон соғуға құқығы жоқ. Оған тыйым салынған. Екіншіден, жұмыс күндері оларға борышкерге бір күнде үш рет қана қоңырау шалуына рұқсат етіледі. Содан кейін аудио, видео фиксация жасау керек. Егер сізге демалыс күні қоңырау шалып мазаңызды алса, агенттіктің колл-орталығына хабарласып шағымдануыңыз керек. Біз тексеріс жасаймыз.

Есірткіге елірген нашақорлар мен психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғандарға онлайн кредит беруді мүлдем тоқтату керек. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бірінші оқылымда-ақ мақұлдаған депутаттардың бірауыздан айтып отырған ұсынысы да осы. Себебі үйінен шықпай-ақ ұялы телефон экранын сипай сала, бет-жүзін жылт еткен күйде несие қамытын кез келген адам кие алады. Арасында жақынына доқ көрсетіп, күштеп кредитке батыратындар да бар. Сондықтан келісімді «Егов» арқылы  растаған дұрыс болады деп санайды мәжілісмен Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаты:

Бай-дефолт, яғни автоматты түрде келіспеу презумпциясын енгізу. Яғни керісінше тек несие аламын дегендер ғана Еговқа кіріп несие алуға жайын екендігін растау керек. Сонда, мысалы, Қазақстанда 20 миллион азамат болса, оның 10 миллионы несие аламын десе, кіріп, Еговқа нүктесін баса салады.

Ақшаның айналасында алаяқтардың дәурені жүріп тұрғаны бүгінде жасырын емес. Мамандар олар көбіне шабуылдарын уатсап желісі арқылы жасайтынын растайды. Сондықтан цифрлық даму министрлігі әр адамға берілетін СИМ карта санын қысқартамыз деп отыр. Жаңа ұялы оператор мен қала нөмірлері енді азаматтарға  егов-мобайл арқылы беріледі.

Жыл басынан бері банк алдында берешегі бар 44 мың адамның кредиті кешіріліпті. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарымыз үш айға несие төлеуден уақытша босатылған. Мәжілістің жалпы отырысында басынан аяғына дейін онлайн кредитті тұп-тұқиянымен жою керек деген депутаттар, алаяқтардың құрбаны болған азаматтарға да көмек қолын беретін кез жетті деп санайды. Мойнындағы несиесі алаяқтық жолмен рәсімделгені рас болса, мұндай азаматтарды кредиттен босату ұсынысы көтерілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.