{metadescription}
Түркістан облысы: Білім саласының 123 қызметкері жемқорлықтан шатылған
Түркістан облысы: Білім саласының 123 қызметкері жемқорлықтан шатылған

Түркістан облысы: Білім саласының 123 қызметкері жемқорлықтан шатылған

Білім саласын май-шелпекке айналдырған. Түркістан облысында оқу-ағарту саласының 123 қызметкері жемқорлық ісі бойынша шатылып, 7 қылмыстық іс бойынша прокуратура тергеуді аяқтады.

Қазірдің өзінде жымқырылған бір жарым миллиард теңге қазынаға қайтарылды. Ал Сауран мен Созақ аудандарының білімге бөлінген қаржысын қалтаға басқандардың ісін өңір прокурорлары сотқа жіберген.

Айта кетейік, осыған дейін Жетісай ауданының білім бөлімін тексерген прокуратура 2021-2023 жылдар аралығында қызметкерлер 4 миллиардтан астам теңгені қалтаға басқанын анықтап, тексерудің жалғасатынын хабарлаған. Күдіктілердің жымқырған қаржысы қайтарылып қана қоймай, кейбірінің мүлкі  тәркіленіп жатыр.  

Мейіржан Мамыров, Түркістан облысы прокуратура басқармасының аға прокуроры:

Тергеп-тексеруде күдіктілерден мемлекетке 1,5 миллиард теңге өндірілді. Оның ішінде, ең көп аудандарға Жетісай, Бәйдібек және Мақтарал аудандары кіреді. Сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған 3 миллиардқа жуық мүлік бұғатталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде