{metadescription}
Алматыда ашық сатылып келген 5 мың вейп тәркіленді
Алматыда ашық сатылып келген 5 мың вейп тәркіленді

Алматыда ашық сатылып келген 5 мың вейп тәркіленді

Вейп сату тыйылмай тұр. Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде электронды темекі ашықтан-ашық сатылып келген. Мұны әшкерелеген полицейлер кәсіпкерден 5 мың вейп тәркіледі.

Заңсыз саудамен айналысқан 42 жастағы әйел екен. Жергілікті полицейлер сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Ал, заттай айғақтар қылмыстық іс материалдарына қосылған.

Айта кетейік, биыл маусымның жиырмасында күшіне енген заң бойынша шылымның осы түрін сатуға, ел аумағына әкелуге және өндіруге тыйым салынған. Содан бері құзырлы органдар адам денсаулығына зиян келтіретін өнімдердің заңсыз айналымымен күресіп келе жатыр. Осы уақыт аралығында тек Алматыда вейп сату және сақтаудың 24 дерегі анықталыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.