«Алты балл». Түркияның Малатиясында жер сілкініп, бірнеше нысан қирады
Түркияның Малатия өлкесінде алты балл жер сілкінісі болып, бірнеше нысан қирады. Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Автор: Әсем Лесбек
16.10.2024
Жерасты дүмпулері елдің шығысында жергілікті уақыт бойынша таңғы 10-нан 46 минут кеткенде тіркелген. Зілзала толқыны Малатияға жақын Диярбақыр мен Элазиг провинцияларына дейін жеткен. Түркияның Ішкі істер министрлігі үш ғимаратқа зақым келгенін хабарлады. Ал үйлердің жермен-жексен боп жатқан кадрлары — фейк деп, жұртты жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Еске салсақ, Малатья — былтыр ақпанда жойқын жер сілкінісі болған провинциялардың бірі. Сол кездегі зілзаладан 50 мыңнан астам адам мерт болған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!