{metadescription}
Астана-Қарағанды тас жолында жүк көліктері соқтығысты
Астана-Қарағанды тас жолында жүк көліктері соқтығысты

Астана-Қарағанды тас жолында жүк көліктері соқтығысты

Жүк көліктері соқтығысты. Астана-Қарағанды тас жолында болған жол апатынан 37 жастағы азамат жан тапсырды. Қайғылы оқиғаға жүргізушілердің бірінің рөлде қалғып кетуі себеп болуы мүмкін.

Жол апаты Батпақ ауылының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, рөлде қалғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі өзге фураның тіркемесіне барып соғылады. Соның салдарынан өз жолағымен кетіп бара жатқан жүк көлігіне тиелген топырақ жол бойына шашылған. Автобандағы қозғалыс біраз уақытқа жабылды. Бұл аумақты көліктер даладан айналып өтуге мәжбүр болды. Қазір полицейлер жүргізушінің өлімімен аяқталған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде