{metadescription}
"Жарық сәуле" — тұрмыстағы зорлық-зомбылық жайлы деректі фильм
"Жарық сәуле" — тұрмыстағы зорлық-зомбылық жайлы деректі фильм

"Жарық сәуле" — тұрмыстағы зорлық-зомбылық жайлы деректі фильм

КТК арнасы назарларыңызға тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары жайлы деректі фильм топтамасын ұсынады. "Жарық сәуле" деп аталатын фильмде тағдыры бір-біріне ұқсамайтын әйелдердің бастан кешкен өмірі баяндалады.

Еліміздегі әр алтыншы бала отбасындағы ұрыс-жанжалға куә болады екен. Тележобада психологиялық соққыға тап болған жасөспірімдерге де көңіл бөлінген. Дағдарыс орталықтары тағдыр тауқыметін тартқан келіншектер мен оның баласына демеу болуда. Яғни бір мамандықты меңгеріп, аяғынан нық тұруға қол ұшын созады. Бес сериялы деректі фильм осы аптада сағат 18:50-де КТК арнасынан көрсетіледі. 

Жазира Бегалы, «Жарық сәуле» деректі фильмінің авторы:

Алдымен әйелмен, баламен жұмыс істейді. Байқағаным, бір аптаға дейін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдерді мазаламайды, ешқандай сұрақ қоймайды. Бір апатадан кейін әйелдермен психолог жұмыс істейді. Бір апатаға дейін, өзіміз де куә болдық, олар сөйлей алмай, тек жылап отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде