{metadescription}
«Раушан» киноновелласы — ұлтаралық береке-бірлік, отбасы құндылығы жайында
«Раушан» киноновелласы — ұлтаралық береке-бірлік, отбасы құндылығы жайында

«Раушан» киноновелласы — ұлтаралық береке-бірлік, отбасы құндылығы жайында

КТК арнасы жаңа телехикая ұсынады. «Раушан» атты туынды түсіріліп жатыр. Ұлттар арасындағы береке-бірлікті, отбасы құндылығын насихаттайтын көпсериялы киноновелла тағы несімен ерекше?

Таңертеңнен бері саябақта қызу түсірілім жүріп жатыр. «Раушан» деп аталатын жаңа отандық телехикаяға 40-тан астам адам жұмылдырылған. Олар түсірілімді дәстүрлі табақ сындырудан бастады.

Жандос Сейдалин, актер:

Негізінде бұның жеткізер ойы әр бала бақытты болуға лайықты. Жат бала болмайды дейді ғой. Ана болуды аңсаған қыз-келіншектің оны сезінуге мүмкіндігі бар. Бауырмашыл, мейірімді болу адами қасиеттерді барынша жеткізуге тырыстық.

Сериал тағдыр тәлкегіне түсіп, өмірінде түрлі кедергіге тап болған әйелдің тұрмысынан сыр шертеді. Сүйікті жарынан қапыда айырылған Раушан сынаққа сынбай, қиындықты жеңіп шығады. 

Айнұр Бабаева, актриса:

Қайсар әйелдің образы деп айта аламын. Раушан нәзік бола тұра, іштей мықты, жүрегі кең адам. Қаншама қиындық болса да, адал жолдан таймады, ешкімнің ала жібін аттамайды. Жақсы кейіпкер. Бүгінгі таңда өзекті жалғызбасты ана мен бала асырап алу сияқты тақырыптар қозғалады.

Актерларды ұзақ таңдаған. Тіпті әрқайсысының өз түсі бар. Мәселен, Раушанның күйеуінің киімі тек көк түсте. Ал асырап алған баласының киімі сұр. Мұның өзіндік себебі бар дейді режиссер. 

Мерей Маханов, режиссер:

Сашаны айтар болсақ, Метихан рөлінде, сұр түсті киімде, ол соғыс боп жатқан елден келеді. Бомбының, күйіктің, күлдің түсі сияқты. Бірақ сары рең қалдырдым. Неге? Өйткені болашаққа жақсы үміті бар. Киімі де, өзі де «сөйлейді».

Телехикаяның басым бөлігі Алматы облысында түсірілген. Он бөлімнен тұратын жаңа туындыны жуырда КТК  арнасынан тамашалай аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде