{metadescription}
Алматыда элиталы тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаты өртенді
Алматыда элиталы тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаты өртенді

Алматыда элиталы тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаты өртенді

Алматыда элиталы тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатындағы пентхауста өрт шықты. Лезде күш алған жалын көпқабатты үйдің шатырына дейін жайылған.

Орталықтағы үйдің жанып жатқаны туралы ақпарат түскі сағат 12 шамасында түскен. Шатырдағы қою қара түтінді көрген тұрғындар бірден далаға шығыпты. Төтеншеліктер он минуттың ішінде жеткен. Тілсіз жауды сөндіруге 60-тан астам маман мен 21 арнайы техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 350 шаршы метрден астам аумақты шарпыған оттың неден тұтанғаны әлі белгісіз.

Нұрлан Атығаев, Алматы қаласының ТЖД бастығы:

Өрт пәтерден тұрғын үйдің шатырына тараған. Қазір өрттің таралу қаупі жоқ. Әртүрлі нұсқаны қарастырамыз. Өйткені мұнда монтаждау жүргізілген. Қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Қасақана өртеу нұсқасын қарастырмаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде