{metadescription}
«9 балл жер сілкінісі». Алматыда сейсмикалық жаттығу жүргізілді
«9 балл жер сілкінісі». Алматыда сейсмикалық жаттығу жүргізілді

«9 балл жер сілкінісі». Алматыда сейсмикалық жаттығу жүргізілді

Алматылықтар бүгін түнде болған 2 балл жер сілкінісін сезді. Зілзала ошағы оңтүстік астанадан 264 шақырым жерде Қытай аумағында тіркелген. Бұл жағдай төтенше жағдайлар қызметінің бүгінге жоспарлаған сейсможаттығуымен дөп келді. Яғни сағат 10:00-де дабыл қағылып, тұрғындардың телефондарына Mass Alert құлақтандыру жүйесі қосылды.

Таңғы сағат 10. Дәл осы уақытта Алматыда дабыл қағылды. Енді салынып жатқан нысандағы құрылысшылар да дереу далаға шықты. Алайда ең жоғарғы қабаттардағы адамдар сыртқа шықпай, жақын жерден қауіпсіз жер іздегені абзал.

Кезекті оқу-жаттығу арнайы сценариймен жүргізілді. Алматы төтенше жағдайлар департаментіне шартты түрде қуаттылығы 9 балл жер сілкінісі болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқу-жаттығу кезінде жүздеген адам эвакуацияланып, зардап шеккен үш адамға медициналық көмек көрсетілді. Шараға 150 арнайы техника мен мыңға жуық құтқарушы қатысты.

Есбол Мирасұлы, Алматы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:

Бүкіл сирена іске қосылды. Телерадио, барлығы тоқтатылды. Шартты түрде 9 балл жер сілкінісі болды. Тәжірбиелік іс-шаралар басқа да 11 учаскіде болды. Оның біреуі Алатау төтенше жағдай министірлігінің оңтүстік базасында, зардап шеккен халыққа арналған 2 мың лагерь құрылды. Операция жүргізу үшін және де 14 тәулікке дербес тәжірбиелік жұмыс атқару үшін дала госпитальдар да орнатылған.

Сонымен қатар қалада іс-шаралар тағы 11 оқу орнында пысықталды. Жалпы сейсможаттығу бүгін мектептер, жоғары оқу орындары мен ауруханаларда, былайша айтқанда, барлық әлеуметтік нысандарда ғана жоспар бойынша өтті. Мектеп оқушылары дабыл қағылғаннан кейін эвакуацияланып, қауіпсіз жерге орналастырылды.

Майра Болатбаева, №46 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Барлық мектеп республикалық бағдарламаны жүзеге асыруда қауіпсіздік сабақтарын өткізді. Ол бес модульге бөлінеді, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт кезінде қорғану үшін. Балалар бұл сабақты екінші қыркүйектен бастап оқыды. Ережелерді біледі. Бүгінгі сейсмикалық жаттығу дайындығында, олар әрекет алгоритмін дұрыс қолдана алды. Бұл бізді қатты қуантады.

Қазір мегаполисте зілзала бола қалған жағдайда баспанасыз қалған адамдар үшін 384 қабылдау пункті жұмыс істейді. Бұл орын халықты жинауға, тіркеуге, уақытша орналастыруға қажет.

Ал өткен түні Алматыда екі балл жер сілкінісі сезілді. Зілзаланың негізгі ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында. Бұл соның афторшок-ы. Десе де мамандар тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ дейді.

Жансая Досымбекова, Алматы орталық сейсмикалық обсерватория басшысы:

Кеше түнде болған жер сілкінісі туралы айтатын болсақ, бұл қаңтар айында болған, 22 қаңтарда түнде жер сілкінісі болған ошақта тіркелді. Алматыда екі балл сезілді. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,7. Бұл екі балл жер сілкінісі Алматыға үрей әкелмейді, яғни қалыпты фон.

Мамандар жыл соңына дейін қалада 9 балл жер сілкінісі күтілмейді деп болжап отыр. Жалпы Алматыда биылдың өзінде 30 жер сілкінісі тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде