{metadescription}
Ақтөбе облысы: Жөнделген кейбір жолға техбақылау жүргізілмеген
Ақтөбе облысы: Жөнделген кейбір жолға техбақылау жүргізілмеген

Ақтөбе облысы: Жөнделген кейбір жолға техбақылау жүргізілмеген

Ақтөбе облысындағы жөнделген жолдардың бірқатарына техникалық бақылау жүргізілмеген. Күні-түні құрылысты тексеруге тиіс инженерлер ол жерлерге аттап баспаған.

Жол сапасына қатысты сараптама жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіндегілер Ақтөбе өңіріндегі жолдардың қалай жөнделгенін көріп шошып отыр. Дөң ауылынан көршілес елдегі Ор қаласының бағытындағы жол сапасын тексеруге тиіс компанияның техникалық құралы болмай шыққан. Онымен қоса, тіпті сарапшы мамандары да жоқ. Жалғыз инженер бір мезетте жеті жолды қатарынан қадағалауға міндетті болған. Оның жөндеу жұмысын күні-түні қарап отырмасы айдан-анық дейді антикор. Ал бюджет ақшасын облыстық әкімдіктегілер жолға ысыраптаған. Жөнделген «Ақтөбе-Блогодар-Шұбарқұдық» трассасына үш жыл қатарынан тағы да жөндеуге қаржы бөлініп келген. Бақылаудың болмауынан жаңа салынған Мәртөк пен Полтавка ауылы арасындағы және Қобда мен Сарбұлақ ауылдары арасындағы жолдың асфальті құрылыс жұмысы аяқталмай жатып үгітілген.     

Есқали Саламатов, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

  Жөндеу кезінде жол саласына жауапты облыстық басқарма мен аудан әкімдіктеріндегі бөлімдер тарапынан бақылау болмаған. Белгілі бір компанияларға қосалқы мердігер тартқанда тапсырыс берушілерді ескертіп, еш келісімге келмеген жағдай бар. Автожолды салғанда техникалық қадағалаусыз қалған және мердігерлерді әкімшілік жауаптан жалтарған кездер де болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде