{metadescription}
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Алматы облысында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатқан полицейлер тағы бір күдіктіні ұстады. Осылайша аталмыш қылмыспен қамауға алынған адам саны 11-ге жетті.

Ал оқиға орнында болған екі қыз әлі де куәгер ретінде жауап беруде.

Еске салсақ, қайғылы оқиға осы айдың басында Талғар ауданында болған. Дүкенге келген сатып алушы мен жасөспірім арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған 10-сынып оқушысы Шерзат Болат ауруханаға жеткізілген бойда көз жұмды. Осыдан кейін полицейлер 7 күдіктіні бірден ұстаған. Апта басында тағы үш адам қамауға алынған. Ал бүгін тағы бір күдіктінің қосылғанын хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 қазан

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде