{metadescription}
Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметтен босатылды
Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметтен босатылды

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметтен босатылды

Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметтен босатылды.

Лауазымдарынан босату туралы бұйрыққа еліміздің Бас прокуроры қол қойған. Олардың жұмыстан кетуіне қылмыстық процесте заң қадағалау бойынша елеулі кемшіліктердің болуы негіз, -делінген Бас прокуратура сайтында жарияланған құжатта.

Айта кетейік, үш күн бұрын Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық, сондай-ақ, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызмет орнын босатқан еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде