Qarmet қызметкерлерін бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Қарағанды облысы Шахтинск қаласында жергілікті тұрғындардан құралған қылмыстық топ құрықталды. Олар Qarmet компаниясының дүниесіне қол салып, қызметкерлерінен ақша бопсалап келген. Қылмыстық топ құрамында аралас жекпе-жек спорт түрінің жаттықтырушысы да болған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
18.10.2024
Олар Qarmet компаниясына қарасты өндіріс орындарынан тауар-материалдық құндылықтарды ұрлаған. Басқа да ауыр қылмыстарға да қатысы бар көрінеді.
Мұның алдында осындай топтар Саран мен Теміртау қалаларында да ұсталған. Күдікті ретінде ұзын саны 100-ден аса адам ұсталыпты. Оның 39-ы қамауға алынған. Қылмыстық топ мүшелері паналайтын жерлерде 150-ден аса тінту жүргізіліп, қару жарақ пен оқ дәрі және басқа да заттай айғақтар тәркіленіпті. Қозғалған қылмыстық істердің алды сотқа да жеткен.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің бастығы:
— Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Оның жолын кесуде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Өңірдерде тәртіпті қамтамасыз етуде жұмы істелініп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!