{metadescription}
Алматы облысында 26 тұрғын үй жылусыз отыр
Алматы облысында 26 тұрғын үй жылусыз отыр

Алматы облысында 26 тұрғын үй жылусыз отыр

Алматы облысында 26 тұрғын үйде 517 абонент жылусыз отыр. Күздің қара суығында Боралдайдағы көпқабатты үйдің тұрғындары тоқ пешін қосуға мәжбүр. Ал шенеуніктер қазандық жөндеуге қаражат уақтылы бөлінбеді, бес күн шыдаса, жылу қосылады деді. 

Бұл үйде жылдар бойы жылу мәселесі шешімін таба алмай келеді. Тұрғындардың сөзінше, көпқабатты үйге әдетте жылуды кеш беріп, ерте өшіріп тастайды екен.

Ләйлә Сейітқызы:

Жылда осындай. Кешіктіріп береді. Әлі жылу жоқ. Балалар жаурады, мұздады. Газ қосып отырмыз. қазір төрт бөлмеге.

Айнұр Исакова:

Менің осы жерде тұрып жатқаныма 15 жыл болды. 15 жылдың ішінде жыл сайын жазда су жоқ, қыста жылу уақтылы берілмейді. Көктемде жылуды ерте өшіріп тастағаны үшін балам көкжөтел болды. Коклюшпен ауырдық. Осы жақында пневмониямен ауырып шықтық.

Дүйім жұрт бұған дейін бір емес, бірнеше рет әкімдікке де арыз жазған. Бірақ мардымды жауап алмадық дейді. Ал шенеуніктер «мұнда жылу уақтылы беріледі» деп сендірді.

Әуелбек Батырбекұлы, Алматы облысы Іле ауданының ТКШ бөлімінің басшысы: 

Биыл 30 мамырда Алматы облысының Мәслихатымен 650 миллион теңге қаражат, жергілікті билік есебінен бес қазандықты ауыстыруға қаражат бөлінген. Қазір 90 пайыз жұмыс аяқталды. Дегенмен ескі қазандықтың қуаты 2.4 мегаватт болатын. Қазір бұл жерге 6 мегаватт қойдық. 50 пайыз. Бар жұмысты бес күнде аяқтаймыз.

Боралдай ауылында 200-ге жуық көпқаббаты үй бар. Оның жартысынан көбіне ғана жылу берілген. Ал қалғанына әліптің артын бағудан басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде