{metadescription}
Ақтөбе облысы: Өртенген қоймадан газ баллондары мен жанармайды шығарып үлгерді
Ақтөбе облысы: Өртенген қоймадан газ баллондары мен жанармайды шығарып үлгерді

Ақтөбе облысы: Өртенген қоймадан газ баллондары мен жанармайды шығарып үлгерді

Ақтөбе облысында құтқарушылар алапат жарылыстың алдын алды. Олар лаулап жанған қоймалардың бірінің ішінде қалған газ баллондары мен жанармайды сыртқа шығарып үлгерген.

Оқыс оқиға Қандыағаш қаласында болды. Өрт жеке үйдің ауласында орналасқан қоймалардың бірінде түнде тұтанған. Шаруашылығына қажет жанармай мен көгілдір отын толы баллонды үй иесі осында сақтаған. Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер ең алдымен баллондарды шығаруға ұмтылды. Жарылыс болса, осы маңдағы біраз нысанды қопарып кетер еді дейді құтқарушылар. Өрт бір сағатта сөндірілген.

Нұрбек Тілеген, Мұғалжар ауданы ТЖБ аға анықтаушысы:

Өрт екі сағат он минутта оқшауланып, екі сағат отыз минутта толық сөндірілді. Аумағы 25 шаршы метр. Құтқарушылар екі газ балонын дер кезінде шығарып үлгерді. Ешкім зардап шекпеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде