{metadescription}
Меморандум: Қазақстан мен Қырғызстан қар барысын бірге қорғайды
Меморандум: Қазақстан мен Қырғызстан қар барысын бірге қорғайды

Меморандум: Қазақстан мен Қырғызстан қар барысын бірге қорғайды

Қазақстан мен Қырғызстан тарапы қар барысын бірігіп қорғау туралы меморандумға қол қойды. Құжат Солтүстік Тянь-Шань тауларында барыс пен оның мекендейтін жерін сақтауға бағытталған.

Келіссөз екі елдің төрт табиғи аумағын, яғни «Көлсай көлдерін», Алматы мемлекеттік табиғи қорығын, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық паркі мен көрші елдің "Чун-Кемин" табиғи саябағын қамтымақ. Жыртқыштарды бірлесіп қорғауға бағытталған шара мамандардың кәсібилігін арттыруға септігін тигізеді. Өйткені сирек кездесетін аңның популяциясын қалпына келтіру мен оны тұрақты ұстау үшін жұмыс белсенді жүргізілмек.

Айта кетсек, 2023 жылдың соңындағы санақ бойынша еліміздің аумағында 180 барыс мекен етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде