{metadescription}
Бас редакторлар клубы: Болашақ журналистер мен блогерлер шеберлік сабағына қатысады
Бас редакторлар клубы: Болашақ журналистер мен блогерлер шеберлік сабағына қатысады

Бас редакторлар клубы: Болашақ журналистер мен блогерлер шеберлік сабағына қатысады

Болашақ журналистер мен жас блогерлер Бас редакторлар клубы өткізіп жатқан шарада заманауи цифрлық медиа құпияларына үңілмек. Олар екі күн бойы білікті мамандар өткізетін шеберлік сабағына қатысады.

Бибігүл Құламан, Бас редакторлар клубының атқарушы директоры:

Өзін сценарий жағынан, режиссер жағынан және де коммуникация байланыс маманы жағынан тәжірибе көрсете білген мамандар сабақ береді. Сабақта телевизия құпиясы, заманауи телевизия қандай болуы керек, соның бәрін үйретеп, көрсетеміз.

Телеарналардың да қазір жүгі ауыр.Талап етілетін ұлттық контент сапалы, ең бастысы, бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге теориясын тәжірибемен жетілдірсе ғана нәтиже болады, - дейді медиа-сарапшылар.

90-ға жуық болашақ тілші мен блогер шақырылған шеберлік сабақтарының тақырыбы да цифрлық медиа төңірегінде.Білікті мамандар тіл мәдениетінен бастап, мәтінмен жұмыс істеу, ақпарат жинау, дереккөздермен, спикермен, аудиториямен жұмыс істеудің қыр-сырын ашпақ. Шеберлік сабақтары екі күнге жоспарланған. Тәлімгерлерде таңдаған салаға деген құштарлығы мен қабілеті де байқалады.

Зере Әлібекқызы, студент:

Тренингтен күтетінім көп, үлкен үмітім бар. Журналистер, жас маман, студенттер осындай ортада болып, сұхбаттардың куәсі болу, пікір алмасуда маңызды қадам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде