Қостанай: Вейп сатып келген тұрғын жазаланды
Қостанайда заңсыз вейп сатып, жұртты электронды темекіге қарық қылып келген тұрғын жаза арқалады. Сот оның бас бостандығын бір жылға шектеп, пробация бақылауына алу туралы үкім кесті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
18.10.2024
Жергілікті тұрғын вейп және оның хош истендіргіші мен сұйықтықты Ресейден тасымалдауды жолға қойған. Тауарды өзі ашқан әлеуметтік желідегі аккаунты арқылы саудалаған. Тіпті ел аумағында тыйым салынған затты курьер және поштамен де аймақтарға жөнелтіп отырған. Ал электронды темекіге құмартқандар тауарды таласып алған. Сотталушы қылмысын жасыру үшін төлемді шетел азаматының есеп-шотына аудартып отырған. Қолға түскен сәтте одан жалпы құны 45 млн. теңгенің вейпі тәркіленді.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
— Күдіктінің үйін тінткен кезде жеті жарым мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді. Пробация бақылауын қойылып, бір жылға бас бостандығы шектелді. Тәркіленген вейптердің көзі жойылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!