{metadescription}
Алматыда көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ құрықталды
Алматыда көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ құрықталды

Алматыда көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ құрықталды

Құжатты қолдан жасаған, ВИН-кодты цехта өзгерткен. Алматыда 150-ден аса көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ құрықталды. Олар —  арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен делдалдар. 17 адамды құрықтау үшін полиция прокуратурамен бірлесіп арнайы операция ұйымдастырған. 

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

  VIN кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді.  Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды. Қылмыстық әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды.

Қылмыстық топтың кесірінен мемлекетке 320 млн теңгеден астам шығын келген. Күдіктілерді құрықтан кезде айғақ заттар тәркіленді. Шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді заңсыз есепке алумен айналысқандар бұған дейін де бірнеше қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұсталған. Ал Алматыда шатылып жатқан орталық мамандарының әріптестерінің айтуынша, олар бұрын Қазақстанда есепте болған автомобильдерді қайта тіркеуге тырысқан көрінеді. Қазір Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаменті мен мекеменің ішкі қауіпсіздігіне жауаптылар орталықта әлі тексерір жатыр. Мұндай қитұрқы әрекетке баратындарды өзіміз ұстап береміз дейді.

Тимур Қоқамбеков, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы бойынша филиалының қауіпсіздік жөніндегі уәкілі:

Биыл ІІМ-не осындай қылмыстық істер жайында 61 материал жібердік. Айта кетейік ,бұл көліктер бұған дейін Қазақстан аумағында заңды тіркелген. Олар әртүрлі себеппен Қазақстан аумағынан шығып кеткендіктен тіркеуден алынған. Ол автокөліктер кімде қалады, қалай болады, ол енді тергеуде анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде