{metadescription}
Ақтөбе облысында балабақшалардан 240 миллион теңге ұрланған
Ақтөбе облысында балабақшалардан 240 миллион теңге ұрланған

Ақтөбе облысында балабақшалардан 240 миллион теңге ұрланған

Ақтөбе облысындағы балабақшалардан 240 миллион теңге ұрланған. Оны білім саласына жауаптылар жалған іссапар қағазын толтырып, кейбір тәрбишіге артығымен айлық жазып,  өз қалталарына басқан.

Қазір Мұғалжар ауданының  білім бөлімінің бұрынғы басшыларынан бастап, үш балабақша меңгерушісі және төрт есепші тергеліп жатыр. Олар миллиондаған ақшаны қарамағындағылардың айлығы мен сыйақысы ретінде бюджет сұранысына артығымен есептеткен. Жалақы түсер кезде өздерінің және жақындарының банк картасына аударып, шешіп алып отырыпты. Ал артық айлық алып, өзінің сыртынан іссапар парағы толтырылғанынан тәрбиешілер бейхабар болған. Қазір антикор бюджет ақшасын май-шелпекке айналдырып, білгенін істегендердің әрекетін тексеріп жатыр.

Ерназар Алдияров, Мұғалжар ауданының прокуроры:

Қаражат еш негізсіз, есепшінің немесе меңгерушінің есеп-шотына аударылған. Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша тергеп-тексеру басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде