{metadescription}
«ҚТЖ былығы». Миллиондаған қаржы жоқ жұмысшыларға аударылған
«ҚТЖ былығы». Миллиондаған қаржы жоқ жұмысшыларға аударылған

«ҚТЖ былығы». Миллиондаған қаржы жоқ жұмысшыларға аударылған

Қағазда бар, іс жүзінде жоқ. «Қазақстан темір жолы"  компаниясында жалған қызметкерлер анықталды. Қазынадан жыл сайын миллиондаған қаржы "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясында" жоқ жұмысшыларға аударылып отырған.

Бір қызығы, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты ҚТЖ-ның өзі әшкерелеген. Ревизорлық комиссияның тексерісіне сәйкес, мемлекетке 21 млн теңге көлемінде шығын келді. Барлық материал құқық қорғау органдарына беріледі, -деді компанияның баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, іс материалдары қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. Ресми жұмыспен қамтылғандар филиал басшысының тапсырмасымен жеке тұрғын үй құрылысына атсалысқан. Ал бұл жағдайда жәбірленуші тарап ретінде Ұлттық компанияның өзі танылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.