{metadescription}
ШҚО-да еліміздегі ең ұзын көпір ашылды
ШҚО-да еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

ШҚО-да еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

Шығыс Қазақстан облысында еліміздегі ең ұзын көпір пайдалануға берілді. Жергілікті халық 50 жыл бойы көршілес аудандарға жазда — паром, қыста мұз үстімен қатынап жүрген. Енді алты ауданның тұрғындары қиындық көрмейді.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 1316 метр. Тәуілігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады. Өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылған. Жаңа көпірді өңірге жұмыс сапармен келген премьер-министр Олжас Бектенов салтанатты түрде ашты. Жобада озық инженерлік технология қолданылып, сапа стандартына сәйкес жүзеге асырылған. Енді жаңа көпір алты ауданды Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде