{metadescription}
Мопед тіркеуге қажет құжаттар тізімі жарияланды
Мопед тіркеуге қажет құжаттар тізімі жарияланды

Мопед тіркеуге қажет құжаттар тізімі жарияланды

Ішкі істер министрлігі мопед тіркеуге қажет құжаттардың тізімін жариялады. Қос дөңгелекті көлік құралын тізгіндеп жүргендер 4 сәуірге дейін А1 санаттағы жүргізуші куәлігін алып, тіркеу алымы мен мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты да дайындау қажет.

Сондай-ақ мопедтің сәйкестендіру нөмірі, яғни ВИН-кодтың бар-жоғын анықтау керек. Жоқ болса, ішкі істер органдарына өтінім беріп ала алады.

Сонымен қатар, көлік құралының ұрланбағанын да құжатпен дәлелдеу керек. Осының бәрін түгендеп, жеке куәлігімен мопедті халыққа қызмет көрсету орталығында тіркей алады.

Алты айдан кейін бүкіл мопед атаулыға ақ көмір тағылайын деп отыр. Бұл дегеніңіз, ережені пысқырмай тұрғындарға қауіп төндіретін мопедшілер жазадан сытылып кетпейді. Ал заңдағы өзгерісті елемей, көлігін тіркемей жүргендер шетінен жазаға тартылмақ. 

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:

4 сәуірден бастап аталмыш заң күшіне енеді. Сол күннен бастап тіркеу басталады. Жүргізушілердің де жауапкершілігі басталады. Егер мемлекеттік тіркеуге алынбаған мопедті басқарса, жүргізушілерге арналған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 590-бабының 2-бөлігімен жауапкершілік қарастырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.