{metadescription}
Алматы мен облыс ортасындағы қоқыстың зардабын жұрт тартып отыр
Алматы мен облыс ортасындағы қоқыстың зардабын жұрт тартып отыр

Алматы мен облыс ортасындағы қоқыстың зардабын жұрт тартып отыр

Алматыда үй маңы қоқыс полигонына айналды деген тұрғындар шенеуніктерге қапалы. Өйткені қала мен облыс ортасындағы аумаққа кім көрінген тұрмыстық қалдық, істен шыққан техникадан бастап, жануарлардың өлексесін тастап кететін болған. Оны ешкім тазартқысы жоқ дейді. Айналаны жайлаған жағымсыз иістен мазасы қашқан жұртпен КТК тілшісі тілдесіп қайтты.

Ит өлекселері, тау болып үйіліп жатқан мал терісі. Айналаға қарап, айдаладағы қоқыс полигоны ма дерсің. Дәл маңайында жер үй қаптап тұр. Иістеніп кеткен жердің зардабын тартып жатқан да сол тұрғындар.

Юрий Курносов:

Кезінде бұл жер тап-таза болған. Тіпті құстар да жүретін. Бірақ біреу келіп тегістеп тастады. Содан бері өткен-кеткен адамдар қоқыс қалдырып кетеді. Соның бәрін әкімдіктегілер қадағалау керек қой. Камера қойсын, айыппұл салсын. Не сұмдық мынау!  

Әсіресе күн ысығанда қиын. Жылдар бойы түртілмей жатқан қоқыр-соқыр мен өлексе иісі көкке көтерілгенде тұрғындар тұншығып, есік-терезені қымтаумен боламыз дейді. Жағымсыз иіске шыдай алмағаны тіпті көшіп кеткен.

Марина Даниленко:

ан-жақта өлексе шашылып жатады. Бірі, малдың терісін үйіп қалдырып кетеді. Енді бірі мысық пен күшікті пакеттің ішіне салып лақтырып кетеді. Шіріген күйі ,өлексе, бәрі ашық далада жатады. Артынан шыбын қаптайды. Ауру жұқтырып аламыз ба деп қорқып жүрміз.

Жырға айналған бұл жердің жартысы облысқа, қалған бөлігі қалаға кіреді деп картада көрсетілген. Бірақ Алматы шенеуніктері «біздің қатысымыз жоқ» деп басын ала қашты. Ал облыстағылар өзіне тиесілі жерді енді тазалай бастапты.

Әуелбек Майшыбаев, Іле ауданы ТКШ бөлімінің басшысы:

Байсерке округі мен ЖКХ бөлімі қоқыс тазалай бастады. уды Кешегі күні 12 тонна қоқыс шығарылды. Бүгінгі таңда осы жұмыс әлі жүріп жатыр. Тағы да 15 тоннадай қоқыс шығарылады.

Іле ауданында қоқыр-соқыр үйіліп жиналмай жатқан 11 жер бар екен. Әкімдіктегілер жуық арада тазалап, реттейміз деп отыр. Тәртіп сақшылары да ішіп-жегенін жол-жөнекей тастап кететін жүргізушілерді құрықтауға көшкен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде