{metadescription}
«Комфорт-класс» үй атына заты сай емес болып шықты — Алматы облысы
«Комфорт-класс» үй атына заты сай емес болып шықты — Алматы облысы

«Комфорт-класс» үй атына заты сай емес болып шықты — Алматы облысы

«Өркениеттен жұрдай». Алматы облысында «комфорт» санатты үй алған тұрғындардың ауласы мердігер айтқандай болмады. Құрылыс компаниясы аумақты абаттандыруды мүлдем ұмытқан дейді пәтер иелері. Қоршаудан бастап, футбол алаңы, тіпті үй алдындағы орындыққа дейін келісімдегі сурет жүзінде қалған.  Жұрт толық бітпеген үйді қабылдап алған Талғар ауданының әкімдігіне өкпелі.

Тұрғындар комфорт-класс үй алғанда жайлы өмір сүруге бар жағдай жасалады деп қуанған. Бірақ тұрғын-үй кешеніндегі жағдай жарнамада көрсетілгендей болмай шығыпты. Мәселен, футбол алаңы салыну тиіс еді, бірақ ол ойдым-ойдым жер көлік тұрағына айналған.

Динара Тыналина, тұрғын:

Қыздарым да осы жерде ойнап жүреді. Содан кейін бір күні үйге жараланып, беті көгеріп келді. Мына жерде жоба бойынша футбол, баскетбол алаңы болуы керек еді, ол атымен жоқ.

Балалар алаңының жағдайы да көңіл көншітпейді. Ұл-қыздар үшін қауіпсіздік шарасы да қарастырылмаған дейді жұрт. Мәселен, мұнда жұмсақ жабынды төселмеген.

Күлімжан Сламбай, тұрғын:

Балалар асфальтта ойнайды. Ешқандай төселім салынбаған. Ойнайтыны барлығы темірден. Алаң  ашық.  Ауылда тұрғандаймыз, ал қалаға тиіп тұрған жер.

Бұған қоса, жұрт тұрғын-үй кешені аумағының уәде етілгендей қоршалмағанына қапалы. Есіктің алдында отыратын орындық пен қоқыс жәшігі де болмаған. Оны тұрғындар өз қаржысына орнатыпты. Әрі үй-үйден ақша жинап, аулаға құм төсеп, жасыл желек отырғызған. Қалған олқылықтарды ретке келтіріп беруді сұрап, бұл азаматтардың бармаған жері жоқ.

Рахым Байарыстанов, тұрғын:

Неге үйді дұрыстап бітірмеген? Неге қолданысқа берілген? Құрылыс компаниясына да, әкімдікке де, басқарушы компанияға да жаздық. Дұрыс бітпеген үйді неге обьектіге енгізеді? Ешқайсынан жауап жоқ.

Тұрғындар ауласы бітпеген үйлерді қабылдап алған шенеуніктерге өкпелі. Алайда Талғар ауданы әкімдігіндегілер бұл кешен пайдалануға қабылданбаған деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Бір қызығы 2020 жылы мұнда абаттандыру жүргізуге қаражат бөлінген. Сол кезде басталған жұмысты прокуратура тоқтатыпты.

Бақытжан Абдуллаев, Талғар ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы:

 «Аспан ситидің» абаттандыруын олар жасап жатқан кезде, 2021 жылы 12 желтоқсанда Талғар ауданы прокуратурасынан бұл жерге ақша заңсыз бөлінген деген хабарландыру келді. Сосын оның жұмысын тоқтатып тастады. Бүгінгі күні ол жерге ақша бөлінген жоқ, абаттандыруға және де қолдануға беруге де қабылданған жоқ.

Осылайша шенеуніктер бәріне «үйді салғандар жауапты» деп отыр. Бірақ құрылыс компаниясы бұл мәселе туралы біздің сұрақтарымызды жауапсыз қалдырды.  Ал жайлы жағдайды талап еткен тұрғындар ауланы бастапқыда уәде етілгендей жасап беруді сұрайды. Болмаса, сотқа жүгінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде