{metadescription}
АҚШ: Хьюстонда тікұшақ радиомұнараға соғылды
АҚШ: Хьюстонда тікұшақ радиомұнараға соғылды

АҚШ: Хьюстонда тікұшақ радиомұнараға соғылды

Американың Хьюстон қаласында тікұшақ радиомұнараға соғылды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, оқиға орнында төрт адам қаза тапқан, арасында бала да бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс оқиға жергілікті уақытпен кешкі сағат сегіз шамасында болған. Қатты соққыдан жарылыс болып, артынша әуе техникасы мен мұнара өртке оранған. Қасындағы ғимараттарға да зақым келген. Жеке тікұшақ апат орнынан 25 шақырымдай жердегі Эллингтон аэродромынан көтеріліпті. Мұнараға соғылған бойда жерге құлап, өртеніп кеткен.  Қаза тапқандардың аты-жөні әзірге белгісіз. Полиция апат техникалық ақаудан немесе экипаж жіберген қателіктен болды деген екі болжамды қарастырып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде