{metadescription}
Ақтөбе – Атырау - Астрахань тасжолының құрылысы аяқталып қалды
Ақтөбе – Атырау - Астрахань тасжолының құрылысы аяқталып қалды

Ақтөбе – Атырау - Астрахань тасжолының құрылысы аяқталып қалды

Көбі бітіп, азы қалды. Жылдар бойы жасалмаған «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының құрылысы аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін миллиардтар жұмсалған жоба пайдалануға беріледі. Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазАвтожол» мен жол сапасына жауапты мекеме өкілдері жүздеген шақырымды жүріп өтіп, жаңа салынған жолдың сапасын тексеріп шықты.

Ақтөбе – Атырау - Астрахань тасжолының құрылысы бес жыл бұрын басталған. Ақтөбе облысындағы бөлігі 326 шақырым.  Жылдар бойы жүргізушілердің жйүкесін жұқартқан шұрық-тесік жолды жасауға 113 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Бұл қаражатқа тасжолдан бөлек, 21 көпір мен 5 жол айырығы салынған. Төрт жерде қызмет көрсету бекеті де бар. Жол азабын тартқан ақтөбеліктер енді тақтайдай тегіс жолдың игілігін көріп отыр. 

Мейірхан Сафиолла:

Жақсы болды, бұрынғыдай емес. Он есе жақсарды. Бұрын екі сағаттай жүретін едік, қазір 45 минутта қалаға жетіп барамыз.

Жолды салған мердігер бес жыл бойы кем-кетігін түзеуге міндетті. Сондай-ақ құрылыстың сапалы салынуын «Жол активтерінің» Ұлттық сапа орталығы бақылауда. Олар құрылыс барысында біраз кемшілікті анықтап, мердігерлерге нұсқама берген.

Болатбек Айтбаев, ҚР Көлік министрлігі, «ЖАСҰО» РМК бас директоры:

Анықталған ақаулардың бәрі қалпына келтірілген. Бүкіл жасалған жұмыс, қолданған материалдардың бәрі техникалық талапқа сай. Кепілдігі бес жыл. Бес жылда қандай да бір ақау анықталып жатса, мердігер мекеме оны ретке келтіретін болады.

Атырау - Астрахань тас жолының құрылысы 2019 жылы басталды. Қазынадан 98 млрд теңге бөлінген. Құрылысқа төрт мердігер мекеме жұмылып, жұмыстың 80 пайызы біткен. Құрылыста біраз қиындық болды дейді мердігерлер. Әсіресе мыңдаған вагон қиыршықтасты теміржолмен жеткізуге шаш-етектен шығындалған.

Ахмет Мудуроглы, мердігер компания өкілі:

Үш участокті бітірдік, мынау үшінші участогіміз. Котяевкадан Сазанкурға дейін 140 шақырым жолды аяқтадық. Соңғы учаскеге 250 мың тонна асфальт салдық. Қиыншылықтар вагонда болды. Қиыршық тасты Ақтөбеден жеткіздік. Ақтауда жоқ. Барын салдық. Жұмысымызды бітірдік. Тапсырдық.

Сондай-ақ мердігерлер жол сапасына жауапты мамандар тарапынан тексеру көп болғанын айтады. Дегенмен мойнымызға алған қызметті мінсіз тапсыруға тырысып жатырмыз дейді. Құрылысқа жауаптылардың айтуынша, 277 шақырым жол бойында  алты көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Ел асыға күткен республикалық маңызы бар тас жол жылдың соңына дейін пайдалануға толық беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде