{metadescription}
Астанада жүк көлігі өртеніп, алты газ баллоны жарылды
Астанада жүк көлігі өртеніп, алты газ баллоны жарылды

Астанада жүк көлігі өртеніп, алты газ баллоны жарылды

Астанада жолдың қақ ортасында газ баллоны тиелген жүк көлігі отқа оранып, алты баллон бірінен соң бірі жарылды. Жанып жатқан көліктен жүргізушісі мен оның көмекшісі қашып шығып аман қалды. Көлік жөндеу бекетінің жанында болған оқыс жағдайдан үш жеңіл машинаға айтарлықтай зақым келген. Алапат өрттің құрсауынан құтқарушылар одан басқа тағы 11 газ баллонын алып шықпағанда, үйлеріміздің түгі қалмас еді, дейді сол маңдағы тұрғындар.

Оқиға кеше кешқұрым дәл осы жерде болған. Газ таситын көлік жүріп келе жатып жана бастағанда жүргізуші мен көмекшісі көліктен секіріп кетіпті. Өрт содан кейін күш алған. Газ баллонын тиеген жүк көлігіндегі тұтанған отты сол жердегі тұрғындар алыстан байқаған. Бірақ жүргізушісі көлік қаптап тұрған жерге жеткенде бірақ тоқтап, қасындағы серіктесі екеуі көліктен секііріп түсіп алды-артына қарамай қашқан.Газ баллондары бірінен соң бірі жарылып, темір-терсегі жан-жаққа ұшқан. Бірнешеуі жөндеу бекеті ауласында тұрған көліктердің үстіне түсіп барып жанған. Иеcі жөндеуге қалдырып кеткен үш машина отқа оранған. Аяқ астынан гүрсілдеген жарылыстан сол жердегі жұрттың да зәре-құты қалмапты. Үйден шығып қарауға қорықтық, дейді тұрғындар.

Ольга Ефремова:

Жарылыстан соң жарылыс. Алғашқыда түсінбедік. Жабық тұрған терезе жарылыс толқынынан ашылып кетті. Үйіміз бүлінген жоқ, әйтеуір. Қатты жарылыстан қатты шошыдық. От шашып, жан-жаққа жарқ-жұрқ етті. Мынау көлік ұстап қалмағанда, аула да жарылар еді.

Бүлінген көлік иелері өрт басталған кезде сол жерге келіп жеткенімен, қауіпті аумаққа жақындай алмай, мүлкін құтқара алмапты. Ал құтқарушылар жедел келіп жеткеннің өзінде, алты баллон жарылып кетті. Адам шығыны жоқ.

Ербағлан Полатов, Астана ТЖД аға инженері:

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт толығымен 14 минутта жойылды. Өрт сөндірушілер 8 автокөлік пен жақын маңдағы тұрғын үйлерді, сонымен қатар 17 газ баллонының 11-ін аман сақтап қалды.

Өрттің нақты шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр. Бірақ шығынды кім өтейтіні әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.