{metadescription}
Жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа екі аймақта әлеуметтік нысандар салынады
Жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа екі аймақта әлеуметтік нысандар салынады

Жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа екі аймақта әлеуметтік нысандар салынады

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға еліміздің екі облысында әлеуметтік нысандар салынады. Спорт кешені мен музыка мектебіне үш миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Бұл қаражатты заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия тиісті заң шеңберінде мемлекетке қайтарған.

Қайырбек Қалибаев, Мамандандырылған Зеренді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

Оқушылар, ата-аналар, жаттықтырушылар, барлық қызметкердің атынан қуаныштымыз. Ағаштың ішінде жаңа ғимаратымыз салынып жатыр. Ғимаратымыз екі қабаттан. Жанында стритворкаут алаңы, одан кейін хоккей корты, көп функционал болмақ. Қыста хоккей алаңы, жазда футбол ойнайды.

Алты мың шаршы метрді құрайтын нысанға 2 млрд теңгеден аса қаржы көзделген. Жобада орталықта күрес, бокс, шаңғы тебу сынды спорт түрімен айналысуға жағдай жасау қарастырылған.

Жалпы спорт кешеніне қажет құрал-жабдықпен қамтылған екі жаттығу залы және қосалқы үй-жайлар салынады.

Ал Түркістан облысындағы Темірлан ауылында 300 орындық жаңа өнер мектебі бой көтермек. Себебі мұндағы 1974 жылы қабырғасы ағаштан салынған ғимарат әбден ескірген әрі күрделі жөндеуге жарамайды, соған қарамастан ол әлі жұмыс істеп тұр. Орталықта 420-ға дейін бала оқиды. Ал жаңа жоба іске асырылса, балалар жайлы ортада музыка, хореографиямен айналысады.

Сәуле Әбішова, Темірлан ауылы өнер мектебінің мұғалімі:

Бұл жердің соғылғанына 50 жыл болды. Қаншама түлек шығып жатыр. Енді жаңа ғимарат салады деп қуанып отырмыз. Керемет! Түлектер көбейеді деген үміттеміз. Заманауи үлгіде болса, типтік үлгіде болса, қазіргі жаңа базамен жұмыс болса, аспаптарымыз жаңартылса, одан да үлкен жетістікке жетеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде