{metadescription}
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған бөлігін енді колонияда өтейді 
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған бөлігін енді колонияда өтейді 

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған бөлігін енді колонияда өтейді 

Тойға барғаны үшін түрмеге аттанды. Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы енді жазасының қалған бөлігін қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Нұрасыл Болат бүгін сот залында қамауға алынған. 

Еске салсақ, депутаттың баласы екі адвокатты соққыға жыққаны үшін екі жылға бас бостандығынан шектелген еді. Оны бақылауда ұстау үшін электронды құрал да қолданылды. Соған қарамастан, Болат пробация бақылауын үш рет бұзғаны дәлелденді делінген Жоғарғы соттың хабарламасында. 

Түнгі уақытта біресе көшеде, біресе тойда сауық-сайран құрып жүрген Нұрасыл Болаттың ісі бүгін сотта қайта қаралды. 20 жастағы жігіттің бас бостандығы шектелгеніне қарамастан, тәртібін бірнеше рет бұзып көзге түсті. Тамыз айында көшеде бір топ жігітпен тұрған видеосы желіге тарап жұртты шулатса, кейін мейрамханада блогер қыздың туған күн кешінде отырған видеосы тарады. Бұған көз жұма қарай алмаған пробация қызметы сотқа оның шартты мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыныс жолдған. 

Қанат Арынов, Медеу ауданының №2 ауданы сотының судьясы:

Болат пробация қызметінің есебіне алынып, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарымен және оны бұзғаны үшін жауапкершілікпен танысқан. Осыған қарамастан, Болат пробация бақылауын үш рет бұзған. Ол сот арқылы зерттелген дәлелдемелермен расталған. Осылайша сот пробация қызметінің өтінішхатын негізді деп танып, оны қанағаттандырды. Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығын айыруға ауыстырылды.

Ал жәбірленуші тарап, яғни Нұрасыл соққыға жықты деген адвокаттар «лайықты жазасын алды» деп отыр.

Анна Чернова, адвокат:

Оның басына түскен жағдайға тек өзі кінәлі. Бас бостандығы шектелгеніне қарамастан, ережені талай бұзғанына бәріміз куәміз. Талай ескерту айтылса да, пысқырмағаны рас. Сондықтан Нұрасыл Болатқа бүгін заң бойынша қарастырылған жаза тағайындалды деп ойлаймын. Бүгінгі үкімнен кейін Нұрасыл Болаттың әпкесі ме, біреу маған сәлем жолдап, желідегі парақшасына жазба қалдырыпты. Онда маған және менің отбасыма тіл тигізіп, қарғаған. Алдағы уақытта денсаулықтан айырылудың қалай болатынын көресің деп жазған.

Депутаттың баласы төңірегінде шу былтыр ақпан айында басталған. Дәулет Тұрлыхановтың ұлы көшеде қызға қол көтеріп жатқанын ерлі-зайыпты адвокаттар көріп, араша түспек болады. Соңында өздері де соққыға жығылып, ауруханадан бір-ақ шығады. Анна Чернова иығы мен жағынан жарақаттанған, ал күйеуінің қабырғасы сынған. Бұл оқиғадан кейін грек-рим күресінен Олимпиада жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұраған еді.

Ол кезде 20 жастағы Нұрасыл Болат Гвардейский кентіндегі гарнизонда борышын өтеп жүрген. Төбелес болған күні ол әскери жарғыны бұзып, гарнизоннан қашып кеткен деген ақпарат тарады. Кейін қорғаныс министрлігі қатардағы жауынгер отбасындағы жағдайға байланысты демалыста болған деген жауап айтты. Осылайша Нұрасыл Болат бүгін сот залында қамауға алынды. Енді бір жарым жылға жуық мерзімін қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде