{metadescription}
Алматыда Қытай азаматынан төрт жарым мың ақбөкен мүйізі тәркіленді
Алматыда Қытай азаматынан төрт жарым мың ақбөкен мүйізі тәркіленді

Алматыда Қытай азаматынан төрт жарым мың ақбөкен мүйізі тәркіленді

Алматыда Қытай азаматынан төрт жарым мың ақбөкен мүйізі тәркіленді. Полицейлер 58 жастағы шетелдікті Жетісу ауданындағы жеке үйде ұстаған. 

Елімізде ерекше қорғалатын түз тағыларының мүйізінол 50 қорапқа бөліп салып қойыпты. Қытайға дәрі жасау үшін жібермек болған беті екен. Ұсталған азамат осыншама мүйізді Алматы облысынан сатып алғанын айтады. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, халықаралық конвенцияда экспорттауға тыйым салынған затты қайдан алдырғанын тексеріп жатыр. 

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

ҚР Қызыл кітабына енген ақбөкен мүйізін сатқан азаматтар анықталып, олар міндетті түрде қылмыстық жауапқа тартылады. Ал мына шетел азаматы ҚР ҚК 339-бабының нормалары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Ақбөкен мүйіздері дәйекті зат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.