{metadescription}
Ұшқыш курсанттар биылдан бастап әскери дронды басқарып үйренеді
Ұшқыш курсанттар биылдан бастап әскери дронды басқарып үйренеді

Ұшқыш курсанттар биылдан бастап әскери дронды басқарып үйренеді

Еліміздегі әскери ұшқыштарға арналған жалғыз жоғары оқу орнында курсанттар биылдан бастап әскери дронды басқарып үйренеді. Ақтөбедегі институт оқу бағдарламасына «ұшқышсыз аппараттарды басқару» дәрісі қосылды.

Әскери әуе қорғаныс күштеріне қарайтын оқу орнында болашақ ұшқыштар теорияны оқып, содан кейін тренажерде жаттығады. Ұшқышсыз аппараттың өзін барлау және әскери бағыттағы аппаратты басқару деп екіге бөліп оқытады. Содан кейін ғана кәсіби дронды басқаруға жібереді. Ол үшін Ақтөбе шетінде арнайы алаң да бар. Дрондытүрлі биіктікте құлатпай, кедергілерден ұшырып өтуі керек.

Әскерді заманауи техникамен жабдықтауға қатысты Президент тапсырмасынан соң, Талғат Бегелдинов атындағы институт қос бірдей Л-410 ұшағын сатып алған. Чехияда шығарылған әуе кемесін басқаруды жігіттер екінші курстан бастап үйренеді. Бұл ұшақпен жолаушыны да, жүкті де тасымалдауға болады.

Сондай-ақ кез-келген ауа райына қолайлы. Еліміздегі әскери әуе күштері институтында өз ұландарымыздан бөлек, көршілес Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары да білім алып жатыр.

Азамат Тұрымбетов, Т.Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының авиация буыны командирі:

Биыл алғаш рет курсанттар өз практикасын өткізді. Әр курсантқа 25 сағаттан күндіз және түнде көмекші ретінде дайын болды. Л-410 ұшағында 19 адам сияды. Экипажбен 21 адам. Біз осы ұшақпен Атырау, Орал, Қостанай мен Балқаш қаласына ұшқанбыз. Ұшақты меңгеру оңай, жеңіл, курсанттарға ыңғайлы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде