{metadescription}
Биыл егін шығынсыз әрі бітік шықты
Биыл егін шығынсыз әрі бітік шықты

Биыл егін шығынсыз әрі бітік шықты

Елімізде егін ору науқаны аяқталуға жақын. Бүгінге дейін диқандар қамбаға 26 жарым млн тонна астық түсірді. Бұл рекорд көрсеткіш. Үкіметке есеп берген ауыл шаруашылығы министрі орақ маусымындағы жауын-шашынға қарамастан, егін шығынсыз әрі бітік шықты деп отыр.

Айдарбек Сапаров келтірген деректе елімізде биыл 23,3 млн гектарға егін шығыпты. Оның 16,7 млн гектарына бидай мен дәнді дақыл егілді. Министр жоғары өнімге қолайлы ауа райы мен агротехнологияны дұрыс қолданып, өсімдіктерді тиімді қорғау арқылы қол жеткізгенін атап өтті.

Жалпы негізгі астық егетін өңірлерде ең жақсы өнім Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Ақмола мен Қостанай облысында да астық мол жиналды. Сонымен қатар оңтүстік өңірлер, әсіресе Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары да жақсы нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты ведомство басшысы үкіметтен жаңа нарық табу және дәстүрлі нарықты арттыруды сұрады.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанның астық дақылында экспорт әлеуеті бар-жоғы 12 млн тоннаға бағаланып отыр дейді.

Қайрат Төребаев, ҚР Cауда және интеграция вице-министрі:

7-7,5 млн тонна бидай, 1,3-1,4 млн тонна арпа, 300 мың тонна жүгері. Майлы дақылда әлеует 1 млн тоннадан асады. Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,2 млн тонна бидай жеткізіледі. Қытайға астық экспорты өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есе өскен. Оның ішінде бидай үлесі 538,8 мың тонна, бұл былтырғы көрсеткіштен 15 есе артық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.