{metadescription}
Бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сәл қымбаттауы мүмкін
Бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сәл қымбаттауы мүмкін

Бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сәл қымбаттауы мүмкін

Елімізде кейбір азық-түлік қымбаттауы мүмкін. Вице-премьер тауық еті, ірімшік, апельсин мен банан бағасы өсуі мүмкін деп отыр. Түгелі болмаса да, кейбір әлеуметтік маңызы бар тауар құны теңгенің әлсіреуіне байланысты өсуі мүмкін екен.

Серік Жұманғарин, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Бес азық-түлік бойынша импортқа тәуелділік бар. Құс етімен 73, шұжық пен балық 60, ірімшік пен сүзбе 46, қантпен өзімізді  44 пайызға қамтамасыз етеміз. Қазақстанда өндірілмейтін көкөніс, жемістің кейбір түрі, мәселен, апельсин, банан, лимон және тағы басқасы сәл қымбаттауы мүмкін.  

Вице-премьер Үкімет бағаны жіті қадағалап отырғанын және оның соңғы аптада елімізде жоғарыда аталғандардың ешқайсысы қымбаттамағанын айтты. Ал қалған әлеуметтік маңызы бар тауарлармен өзімізді толық қамти аламыз. Сондықтан ұн, қой, сиыр еті, макарон, картоп, сәбіз, өсімдік майының бағасы өспейді деген сенім бар.

Үкімет жаңа жыл қарсаңындағы қарбаласқа да дайын. Серік Жұманғаринның айтуынша, мереке қарсаңында азық-түлік бағасы көтеріле бастаса, билік әлеуметтік жәрмеңкелер өткізіп, қосымша өнім әкелуді көздеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.