{metadescription}
«Қашқын». Күдіктіден көз жазып қалғандар заң алдында жауап береді
«Қашқын». Күдіктіден көз жазып қалғандар заң алдында жауап береді

«Қашқын». Күдіктіден көз жазып қалғандар заң алдында жауап береді

Алматы облысында күдіктінің уақытша ұстау изоляторынан қашып кетуіне байланысты "қызметке салғырт қарау" бабымен іс қозғалды.  Аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктіден көз жазып қалғандар заң алдында жауап береді, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Шара қабылданып жатыр. Қызмет тексерісі жүргізілуде. Бәрі жазаланады. Салғырт болғаны үшін іс қозғалды. Кінәлілер жауапқа тартылады.

Ал қашқын екі тәуліктен бері табылмай жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазір тәртіп сақшылары күдіктінің жүріп өткен бағытымен  қуыс-қуысты қарап жүр. «Алысқа кете қоймаса керек» - дейді тәртіп сақшылары. Қашқынның Тереңқара ауылындағы үйі бақылауға алынған.

Еске салcақ, күдікті Бекарыс Қалмырзаев дүйсенбіде кешкі сағат бесте Талғар ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен. Оның нақты қалай із суытқаны белгісіз. Қашқын кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айыппен қамауға алынған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде