{metadescription}
Мүгедек балалар қорының қаражатын ұрлаған басшы сотталды
Мүгедек балалар қорының қаражатын ұрлаған басшы сотталды

Мүгедек балалар қорының қаражатын ұрлаған басшы сотталды

Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған қордың ақшасына қол салған басшы сотталды. 34 жастағы директор алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Бибігүл Жулина қор ашып, ауру балаларды емдетуге елден ақша жинаған. Бірақ артынан кішкентай науқастардың ата-аналарын алдап кеткен. Шетелге апарып емдетпек түгілі, түрлі сылтау айтумен жүрген. Қайырымдылық қорына хабарласқан ата-аналарға ұл-қызын шет мемлекеттердің медицина орталықтарына апарамыз деп сендірген. Ата-аналардан видео үндеу жаздырып, балаларды суретке түсіріп алады. Ең қызығы, ақшаны мүгедек баланың отбасы өзі жинап, оны қолма-қол қорға, 5 миллион теңгеге толғанда беріп отырады. Ақыры шетелдегі ем де жоқ, ақша да жоқ, алдап кеткен.

Енді сан соғып қалған жеті ата-ананың арызымен сотталып, олардың ақшасын кесілген үкімге байланысты қайтарып беруге міндетті. Бибігүл Жулина төрт баласы бар екенін айтып жеңілдік күткенімен, мүгедек бүлдіршіндердің арқасында пайда көздегені дәлелденді. Онымен қоса, сотталушы өзінің туған бауырын да алдап соққан. Оның да науқас баласына көмек беремін деп, ақшасын өз қажетіне жаратқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде