{metadescription}
Шымкентте зертханада синтетикалы есірткі өндіріп жүрген екі адам ұсталды
Шымкентте зертханада синтетикалы есірткі өндіріп жүрген екі адам ұсталды

Шымкентте зертханада синтетикалы есірткі өндіріп жүрген екі адам ұсталды

Психотроп заттарды келілеп дайындаған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте синтетикалы есірткі өндіріп келген екі адамды ұстады.

Халықты улап қалтасын қампайтуды көздеген жігіттер қалада кішігірім зертхана ашқан. Тоңазытқышта қатып тұрған химия сұйықтық, целлофанға буылған ұнтақтардан бастап, үйіліп жатқан пластика канистрлер. Заңсыз затты өндіруге қажет саймандармен түгел жабдықтаған. Екеуі есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан жерінде ұсталды. Құзырлы органдардың қолына түспес бұрын есірткінің 10 келісі мен 60 литр психотроп затты жасап үлгерген. Күдіктілер қамауда отыр. Әрқайсысы енді 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде